ШҚО-да полиция қызметкерлері коронавирус инфекциясына тегін тексеріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлады altaynews.kz.
Әкімнің айтуынша, полиция қызметкерлеріне қолдау көрсету қажет, жақын арада ШҚО полиция департаментінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавирустық инфекцияның бар-жоғына ПТР-талдаудан өтеді. Барлық талдаулар бюджет есебінен жүргізіледі.
"Біз полицейлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, олардың артында олардың отбасылары тұр, олардың артында елдімекендердегі тәртіп пен тыныштық тұр", – деді Даниал Ахметов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу