Ауа -райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
"Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері мен ТЖ саласының қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды",– деп жазады polisia.kz.
ІІМ қазіргі уақытта автожолдардағы жағдай қауіпті екенін ескертеді, азаматтардан жақын уақытта жолға шығудан бас тартуды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу