"Жыл соңында көшеде қызмет көрсететін патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың формасын ауыстырамыз. Форма қазірдің өзінде мақұлдаудан өтті, ол көшеде қызмет етуге өте ыңғайлы. Жаңа элемент – кроссовка, бәтеңкелер түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін өте қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметшілер", - деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына.
Жаңа формада түнгі уақытта көзге шағылысатын элементтер де қарастырылған.
Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда барлық полицейлерді жаңа формаға ауыстыру жоспарланған.