Полиция қызметкерлеріне 6 пәтер мен 30 автокөлік кілті табысталды

964

 Полиция қызметкерлеріне  6 пәтер мен 30 автокөлік кілті табысталды

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Қостанай облысының полиция қызметкерлеріне автокөлік пен пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды  alau.kz.
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының  ІІД бастығы, полицияның генерал-майоры Бекет Аймағамбетовпен бірге  полиция қызметкерлеріне  6 жаңа пәтер мен 30 автокөлік кілтін табыстады.

"Көптеген полиция бүгінде пәтер жалдап тұрады, өзгелері  ата-анасының үйінде өз отбасымен тұрып жатады. Бүгінде  облыста пәтерге  800 қызметкер мұқтаж болып отыр.  Жедел полиция қызметкерлері мен тергеуші  бөлімінің қызметкерлері пәтер жалдауға жәрдемақы алады", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу