Полиция мопед жүргізушілеріне маңызды ережелерді еске салды

119

Елімізде мопед басқару үшін міндетті түрде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі (A1, A немесе B) қажет.  

Полиция мопед жүргізушілеріне маңызды ережелерді еске салды Фото: finratings.kz

Қазақстан полициясы қала көшелерінде мопед санының артуына байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, мопед – жай ғана ыңғайлы көлік емес, толық жауапкершілікті талап ететін қозғалыс құралы:

  • Рөлге отырған әр адам өз өмірімен қатар, айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін ұмытпауы тиіс. 
  • Полиция өкілдері мопед басқару үшін міндетті түрде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі (A1, A немесе B) қажет екенін атап өтті. Бұл талап – формальдылық емес, жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін меңгергенін дәлелдейтін маңызды құжат.
  • Сондай-ақ мопедті мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті. Тіркеу нөмірі мен техникалық паспорттың болуы заң талаптарын орындаумен қатар, түрлі жағдайларда жүргізушінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
  • Қауіпсіздік шараларының ішінде мотошлемнің маңызы ерекше. Полиция жүргізуші де, жолаушы да мотошлем киюі тиіс екенін ескертеді. Бұл талапты елемеу адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
  • Жол қозғалысы мәдениетіне ерекше мән берілген. Мопед жүргізушілері жолдың оң жақ жиегімен немесе арнайы велосипед жолдарымен жүруі тиіс.
  • Ал тротуар жаяу жүргіншілерге арналған аймақ болғандықтан, олардың қауіпсіздігін сақтау – басты міндеттердің бірі.
  • Сонымен қатар, мас күйде көлік басқаруға қатаң тыйым салынады. Алкоголь мен өзге де масаңдататын заттар жүргізушінің реакциясын төмендетіп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу