Полиция мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады

98

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады Фото: ТСН

Оларды пайдалану үшін:

  • полицияда тіркелу;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • техникалық тексеру;
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:

  • жеке куәлік (электрон түрде болуы мүмкін);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. 

"5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу