Полиция Риддер тұрғынын ата-ана құқығынан айыруы мүмкін

826

ШҚО-да 1 қарашада түскі уақытта 3 жасар ұлымен бірге тұратын 41 жастағы Риддер тұрғының үйі тексерілді. Бұл отбасы "қолайсыз отбасы" ретінде полиция есебінде тұрған, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция Риддер тұрғынын ата-ана құқығынан айыруы мүмкін

"Полиция қызметкерлері олардың үй-тұрмыстық жағдайларын тексерді. Тексеру нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталған: әйел мас күйде болды, үй суық әрі ластанып, шашылып жатқан, бала әбден ашығып, үсті-басы кір болған. Сонымен қатар үйде баланың қолайлы өмір сүруі үшін жарық, су және басқа да қажетті жағдайлар мүлдем жоқ болып шықты", – деп жазады облыстық ПД баспасөз хатшысы.

Аталған жағдайды ескере отырып, бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды, одан әрі кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына ауыстыру жоспарланған.

"Тәртіп сақшылары анаға қатысты, ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішпен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға материал дайындады", – деді баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу