Полиция шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

124

Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды.

Полиция шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті Фото: canva.com

Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.

Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.

Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", – деді ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу