Полициядан қашқан байкерлер іздестіріліп жатыр

111

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.   

Полициядан қашқан байкерлер іздестіріліп жатыр Фото: Видеодан скриншот

Алматы қаласында әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің мотоцикл жүргізушілерін қуған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кадрлардан бірнеше жүргізушінің патрульдік полицияның тоқтау туралы талабын елемей, қаланың көшелерімен жоғары жылдамдықпен қашып бара жатқаны байқалады.

Желі қолданушыларының пікірінше, видеодағы жүргізушілер мопед емес, жолсыз жерде жүруге арналған мотоцикл айдап жүрген болуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Полиция өкілдері құқық бұзушылар табылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу