Полициядан қашқан жасөспірімнің мопед жүргізуге құқығы болмаған

194

Мопед арнайы айыптұраққа қойылды.

Полициядан қашқан жасөспірімнің мопед жүргізуге құқығы болмаған Фото: Бейнежазбадан

Шардарада полицейлер тіркелмеген мопедті басқарған кәмелетке толмаған баланы анықтап, жолдағы ықтимал қауіптің алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға патрульдік полиция инспекторларының қызметтік көлігіндегі бейнетіркегішке түсіп қалған.

Полицейлер тіркелмеген мопедті байқап, жүргізушісіне тоқтау туралы талап қойған. Алайда ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенген. Инспекторлар мопедтің қозғалысын бақылап, көп ұзамай оны тоқтатқан.

Тексеру кезінде мопед тізгіндеген адамның кәмелетке толмағаны және көлік басқаруға қажетті жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Жасөспірім көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізгені және полиция қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мопед арнайы айыптұраққа қойылды.

Ал жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік материал сотқа жолданды.

Полиция ата-аналарды балаларының көлік құралдарын заңсыз басқаруына жол бермеуге шақырды. Бұл баланың өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу