Полицияға Сәбина Алтынбекованың үстінен арыз түсті

664

Әлеуметтік желіде Сәбина Алтынбекова онлайн курсына ақысын төлеп, бірақ спортшының бет-жүзін сол күйі көрмеген бір топ адамның cан соғып қалғаны туралы ақпарат пайда болды

Полицияға Сәбина Алтынбекованың үстінен арыз түсті Фото: google.com

Зардап шеккендер алаяқтық фактісі бойынша полицияға арызданған. Кейбір деректерде спортшының онлайн-курсы адамдарға ұнамағаны айтылады, яғни ақысына татымайтын көрінеді. 

Ұйымдастырылған тәлімгерлік курс үшін әрбір адам Сәбина Алтынбековаға 290 мың теңгеден төлеген. Кейбіреулер төлемді бөліп төлеуге рұқсат алған. 

Полиция аталған фактіні растады, алайда бұл арада бір топ адам емес, тек бір адамнан арыз түскенін жеткізді.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған факт бойынша Р. деген азаматтан Түрксіб ауданының полиция басқармасына 2023 жылдың 6 қазанында арыз келіп түскенін хабарлайды.

"ҚР ҚІЖК-нің 179-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттық қатынастардың болуын ескере отырып, азамат Р-ға талап қою арқылы азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды", делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу