Полицияға жалған хабар берген ата-аналарға айыппұл салынды

509

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін елордалық үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды.    

Полицияға жалған хабар берген ата-аналарға айыппұл салынды Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

5 ақпанда Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушының қатысы бар екені анықталды.

Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады", - делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу