Полицияға жеке басты куәландыратын құжатты көрсету керек

858

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде полиция қызметкерлеріне электронды құжат көрсетуге бола ма деген сауалға жауап берді. 

Полицияға жеке басты куәландыратын құжатты көрсету керек

Министр заңнамаға енгізілген өзгеріс жүргізушілерді басы артық құжат 
алып жүруден босатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Полицияға көрсету үшін жеке басты куәландыратын құжат қана қажет. Полиция қызметкері оны планшет арқылы тексереді. Ол осы құжат арқылы көлік құралына, жүргізушіге, салыққа, техникалық тексеруге, сақтандыруға және жол қозғалысына қатысушыларға қатысты барлық мәліметті толық көреді, – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, құжатқа қатысты заңнамаға өзгеріс енгізілген жоқ.

"Бұл мәселеге цифрландыруды дамыту арқылы келуіміз мүмкін. Кейбір елдерде бұл жүйе енгізіп жатқанын білемін. Біздің елде бұған қатысты заңнамалық және тәжірибелік шара қабылданған жоқ", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу