Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

1850

Көлік ұрлығымен ұсталған күдікті дене жарақатынан қайтыс болған. Бұл жайында Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласында 8 желтоқсан күні автокөлік құралдарын ұрлады деген күдікпен бұрын соңды мүліктік қылмыс пен қарақшылық үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны ұсталған. Ұсталғандардың автокөлігінен көліктерді ашуға арналған техникалық құралдар, радиостанциялар, маңдай шамдар мен қолғаптар табылып, тәркіленген.

Ералы Жұмаханбетовтың әлеуметтік желіде жариялаған мәліметіне сүйенсек, ұстау және жеткізу кезінде полиция қызметкерлері оларға күш қолданған. Күдіктінің біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.  

"Полицияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оларды объективтілік мақсатында Арнайы прокурорлар департаменті тергеуде. Осы факті бойынша жүргізілген қызметтік тергеумен ұстауға қатысқан қызметкерлер және олардың іс-әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз етпеген басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар олардың қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Төтенше оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Шымкент қаласына ІІМ-нен министрдің орынбасары бастаған комиссия келді", – дейді Ералы Жұмаханбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу