Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"А.ж. 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды. А.ж. 9 шілдесінде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – дейді Антикордан.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілген жоқ.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        