Ішкі істер министрлігінің психологиялық қызметі ведомство басшылығының шешімімен бір жыл ішінде бөлімшелерде іріктеп сауалнама жүргізетін болады. Сауалнама анонимді болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер органдары бөлімшелерінің моральдық-психологиялық ахуалының жай-күйі келесі шекті мәндермен айқындалатын болады:
⁃ Қолайлы моральдық-психологиялық ахуал - сауалнамаға қатысқан респонденттердің 75%-дан астамы және одан көбі ахуалды қолайлы деп бағалауы;
⁃ Нашарлау үрдісі байқалатын орташа қолайлы моральдық-психологиялық ахуал - сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55-75%-ы ахуалды орташа қолайлы деп бағалауы;
⁃ Қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал - сауалнамаға қатысқан респонденттердің 50%-дан азы ахуалды қолайсыз деп бағалауы.
Қолайсыз моральдық-психологиялық ахуалдың белгілеріне қызметкерлердің тұрақтамауы, басқа қызметтерге жиі ауысуы, ұжымдағы психологиялық шиеленіс, жұмыс кестесін сақтамау;
тұлғааралық қақтығыстар, басшылық тараптан қолдаудың болмауы және т.б. жатады.
Жаңа ережелер ведомствоның 24 қазандағы бұйрығымен бекітілді.