Полицияның "жедел желісіне" 4 мыңнан астам қоңырау түсті

1154

Олардың ішінде құқық қорғау органдары қызметіне қатысы жоқ сауалдар да болған.

Полицияның "жедел желісіне" 4 мыңнан астам қоңырау түсті

Алматыда карантин енгізілгеннен бастап полиция департаменті режим ережелеріне қатысты сұрақтарға жауап беру үшін Call-орталық құрды. Бір күннің ішінде осы "жедел желіге" 4 мыңнан астам адам қоңырау шалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

"Кезекшілік тәулікте 4 мыңнан астам адам қоңырау шалды.  Олардың көпшілігін Алматы қаласына өткізу пункттері арқылы кіріп-шығуы туралы мәселелер қызықтырды.  Кейбір қоңырау шалушыларға кеңес пен қолдау қажет болды.  Әрине, полицияның қызметіне қатысы жоқ сауалдар түсті. Мүмкіндігінше полиция қызметкерлері оларға да сауатты жауаптар беруге тырысты. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша алғашқы 2-3 күнде сенім телефонына көптеген қоңыраулар түседі.  Азаматтарды қызықтыратын сұрақтарға жедел және қол жетімді жауап беру өте маңызды",– деді Алматы қалалық полиция Департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.

Бұл ретте "жедел желі" қоңырауларына полиция – психологтары мен бөлімше қызметкерлері жауап бергенін айта кету керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу