"Полиэтилен пакетке оралған": Алматыда жертөледен ер адамның мәйіті табылды

Полиция дерегінше, қайғылы оқиға Түрксіб ауданында болған.  

"Полиэтилен пакетке оралған": Алматыда жертөледен ер адамның мәйіті табылды Фото: Видеодан скриншот

Қазіргі уақытта күдікті анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Алдын ала мәлімет бойынша ол үй мен пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес, ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда жарақат алған. Алайда болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі мәйітті жертөлеге жасырып қойған, – деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша бүгінде қылмыстық іс қозғалды.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама мен кешенді сот сараптамалары тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу