Полиглот министрлердің рейтингі жасалды

1564

18 министрдің 7-і ағылшын тілін білмейді, олардың қатарында Білім және ғылым министрі бар. 

Полиглот министрлердің рейтингі жасалды

Елімізде министрлерінің тіл білу деңгейі бойынша рейтинг жасалды. Онда 18 ведомство басшысының қанша тіл білетіні көрсетілген, деп хабаралады inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Министрлердің арасында полиглот басшылар да бар. Мәселен, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін біледі. Ал Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген екен. 

Одан кейінгі орында қатарынан 4 тіл білетін ведомство басшылары тұр. Олар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 

Рейтинг бойынша еліміздегі 18 министрдің 7-і ағылшын тілін білмейтін болып шықты. Атап айтқанда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және өзгелері. 

Аталған ведомство басшыларының ағылшын тілін білмеуінің басты себебебі – олар отандық оқу орындарында білім алған. 

Сонымен қатар отандастарымыздың арасында ағылшын тілін білу деңгейі төмен. Мұны әлемдік рейтинг айғақтайды. Яғни, ағылшын тілін меңгеру бойынша 100 ел қатысқан халықаралық тізімде еліміз 92-орынға жайғасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу