Полигоннан ластанған және таза жерлердің аражігі ажыратылады

754

Полигон жабылғалы бері бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Бұрынғы Семей полигонының жері үш облыстың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы босалқы жерге жатады, бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақтарда болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Полигоннан ластанған және таза жерлердің аражігі ажыратылады

"Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Сондай-ақ радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілемуіне байланысты радиоактивті зақымданудың жылыстауы бойынша өзекті деректер жоқ. Бүгінгі таңда ластанған және таза аумақтардың аражігі ажыратылмағандықтан жарамды жерлердің едәуір бөлігі пайдаланусыз қалып отыр", – дейді Ақшолақов.

Бұған дейін айтылғандай, ластанған жерлерді тиімді басқару мақсатында олардың аумағында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру ұсынылады. 

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң жобасы әзірленіп, төмендегілер ұсынылды:

1. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы жұмыстардың орындалуына жауапты ұйымды тағайындау;
2. Кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша нормативтен тыс радиациялық ластанған аумақтардың және шартты таза жерлердің шекаралары мен ауданын айқындау;
3. Ластанған жерлерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оларды уәкілетті ұйымға пайдалануға беру;
4. Бұрынғы полигонның ластанған учаскелерін оңалту; 
5. Аймақ аумағында радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу; 
6. Бұрынғы полигонның шартты таза жерлерін шаруашылық айналымға беру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу