Полимер өнімдері цехы ЕАЭО-ның декларациялық сертификатын алды

1007

Жылына 9 жарым миллион дана полипропилен қапшық тігетін өндіріс ошағы бүгінде отандық 30 кәсіпорыннан тапсырыс қабылдап отыр. 

Полимер өнімдері цехы ЕАЭО-ның декларациялық сертификатын алды

"Қазақстанның үздік тауары" өндірістік байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған қызылордалық полимер өнімдерін шығаратын цех экспорттық бағытқа бет бұрды, деп хабарлайды 24.kz.

Жылына 9 жарым миллион дана полипропилен қапшық тігетін өндіріс ошағы бүгінде отандық 30 кәсіпорыннан тапсырыс қабылдап отыр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында декларациялық сертификатқа қол жеткізген кәсіпкерлік нысан енді өнімін көрші мемлекеттерге саудаламақ.

Павлодардан тасымалданған шикізатты өңдеумен мұнда 50 шақты жұмысшы айналысады. Олардың 10-ы жазасын өтеп жүргендер. Экспорттық арна ашылса, сұранысқа сай жұмысқа тартылатын сотталғандардың қатарын көбейтіп, жаза басқандардың түзелуіне жан-жақты жағдай жасалмақ. 

"Қазіргі таңда 2 ай көрсеткіші бойынша сотталғандар 4 млн тг жақын жалақы алды. Оның 50% атқару парақтарына ұсталып, жәбірленушілер мен мемлекет пайдасына аударылып отыр. Ең төменгі жалақы – 42500тг" , – дейді ҚАЖД басшысының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу