Польша 2022 жылы халықаралық мамандандырылған көрме өткізуге ниетті

754

Польша 2022 жылы халықаралық мамандандырылған көрме өткізуге ниетті

Варшавадағы президент сарайында Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұханның Польша Республикасының президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында отандық дипломат Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемдемесі мен игі тілектерін жеткізді.

А. Дуда Қазақстан көшбасшысының ыстық ықыласына ризашылық пен алғысын білдіріп, оның былтыр тамыз айындағы Варшаваға мемлекеттік сапары екіжақты қатынастардағы аса маңызды оқиға болғанын және екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша қуат бергенін атап өтті.

Польша президентінің айтуынша, сол кезде қол жеткізген уағдаластықтардың арқасында осы жылдың 1 қаңтарынан бастап поляк азаматтарының Қазақстанға бару үшін визаcыз сапар шегу тәртібі, екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасы орнатылды.

А. Дуда екіжақты экономикалық ынтымақтастықың елеулі дамуын Қазақстан президентінің мемлекеттік сапарының аса маңызды нәтижелерінің бірі болып табылатын ризашылықпен атап өтті. Поляк мемлекетінің басшысы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 2018-2019 жылдары тұрақты емес мүшесі болып сайлануына Варшава кандидатурасын қолдағаны үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді.

Поляк мемлекеті басшысының пікірінше ЭКСПО-2017 көрмесі өзара байланыстардың одан әрі дамуына жаңа серпін берді. Польша да 2022 жылы Лодзь қаласында осындай халықаралық мамандырылған көрмені өткізу құқығына ие болуға ниетті. Астанадағы халықаралық көрмеде поляк павильоны орнатылып, онда өткізілетін іс-шаралардың қанықтырылған жоспары жасалған. А. Дуда ЭКСПО-2017 аясында өткізілетін Польша ұлттық күніне қатысу үшін қыркүйек айының басында Қазақстанға сапарын жоспарлап отырғанын растады.

Астанаға сапарының тағы да бір себебі, ол Қазақстан-Польша бизнес – форумына қатысу. Оның жұмысына Польшадан ірі қәсіпкерлерден жасақталған топтың қатысуы көзделуде. Поляк мемлекетінің басшысы, оның Қазақстан астанасына сапарының шеңберінде өтетін іскерлік форум екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың даму факторына айналатынына үміт артатынын білдірді.

Кездесу соңында Польша президенті А. Дуда Қазақстан президенті Н. Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс тілектерін жеткізуді сұрап, Қазақстан көшбасшысымен қазақ жерінде жақын арада кездесуіне үміт артатынын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу