Польша Беларусь шекарасында әскерилер санын көбейтеді

346

Бұл туралы поляк әскери департаментінің сайтында жарияланған хабарламада айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

Польша Беларусь шекарасында әскерилер санын көбейтеді Фото: kapital-rus.ru

Польшаның Қорғаныс министрлігі беларусьтік тікұшақтардың елдің әуе шекараларын бұзғанынан кейін Беларусь шекарасына көбірек әскери қызметшілер мен жауынгерлік тікұшақтарды жіберу туралы шешім қабылдады. 

"Ұлттық қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс істері комитетінің төрағасы Мариуш Блащак шекарадағы сарбаздардың санын көбейтуге және қосымша күштер мен қаражат, соның ішінде жауынгерлік тікұшақтар бөлуге бұйрық берді", — делінген мәтінде.

Хабарламаға сәйкес, поляк тарапы НАТО-ға болған жағдай жайлы баяндаған.

Ведомство "тікұшақтар Беловежи ауданында өте төмен биіктікте шекара асқан, сондықтан оларды радиолокациялық жүйелермен анықтау қиынға түсті" деп түсіндірді, себебі "жедел қолбасшылықтың таңертеңгі хабарламасында поляк радиолокациялық жүйелері елдің әуе кеңістігінде бөгде нысан байқамағанын мәлімдеген".

Тікұшақтарды бірінші болып поляк-беларусь шекарасына жақын жергілікті тұрғындар байқап, алаңдаушылық білдірді. Күннің бірінші жартысында Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығы бұл жоспарлы патрульдеу деп мәлімдеді, ол туралы Беларусь тарапы Варшаваға алдын-ала хабарлаған және шекараны бұзу болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу