Беларусь шекарасындағы операцияларға қатысатын поляк әскери қызметшілерінің саны 6000-нан 17000-ға дейін артады. Бұл туралы Польша Қарулы күштерінің Бас штабының басшысы генерал Веслав Кукулуға сілтеме жасай отырып, TVP телеарнасы өз сайтында хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір поляк-беларусь шекарасын 6 мың сарбаз, сондай-ақ 1,5 мың шекарашылар мен полиция қызметкерлері күзетеді.
Кукула атап өткендей, Польша Қорғаныс Министрлігі Шығыс шекараны қорғау үшін барлығы 17000 сарбазды тартады: 8000-ы тікелей шекарада қызмет етеді тағы 9000-ы резервте қалады және 48 сағат ішінде қайта орналастыруға дайын болады.