Польша Беларусьпен арадағы шекарада 5 метрлік дуал салды

496

Оның әр жеріне 2,5 мың бақылау камерасы орнатылмақ.

Польша Беларусьпен арадағы шекарада 5 метрлік дуал салды

Польша билігі Беларусьпен арадағы шекарада биіктігі бес метрге жететін дуалдың құрылысын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Польша Премьер-Министрі Матеуш Моравецкийдің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Дуал жанынан көлікке арналған жол салынған. Қоршаудың үстіне тікенді сым орнатылған.

Елдің шекара күзеті оны салуға 49 мың тонна болат пайдаланылғанын жариялады. Енді дуалды электронды қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оның әр жеріне  2,5 мың бақылау камерасы орнатылмақ.

Қаңтарда елдің шекара күзеті 25 қаңтардан бастап поляк-беларусь шекарасында осындай дуал салынатынын хабарлаған еді. Қоршауды салу туралы келісім-шарт шамамен 160 миллион долларға жасалды. Қаражат Польша бюджетінен бөлінді.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу