Польша Беларусьпен арадағы шекарада қоршау салады

638

Литва, Латвия және Польша елдері ресми Минск көші-қон дағдарысын әдейі жасап отыр деген пікірде. 

Польша Беларусьпен арадағы шекарада қоршау салады

Польша үкіметі көші-қон дағдарысы аясында Беларусьпен арадағы шекарада қоршау салу туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ішкі істер министрі Мариуш Каминскийдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жобаны жүзеге асыру үшін 1,615 миллиард злотый бөлінеді. Қазіргі уақытта Беларусь пен Польша шекарасында сымнан жасалған уақытша қоршау тұр.

Польша шекара күзетінің мәліметінше, қазан айының басынан бері Беларусьтан Польшаға шекарадан заңсыз өтудің 6 мыңнан астам фактісі тіркелді. 

Литва, Латвия және Польша елдері Беларусьпен арадағы шекараларында ұсталған заңсыз мигранттар санының соңғы уақытта өскенін хабарлады. Олардың хабарлауынша, ресми Минск көші-қон дағдарысын әдейі жасап отырған көрінеді. Осы жағдайға байланысты Польша президенті Беларусьпен шекаралас аумақтарда төтенше жағдай режимін енгізіп, шекараны қорғауға әскерилер мен полицейлер тартылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу