Польша Беларусиямен шекарадағы әскерилерінің санын арттырды

728

Таяу Шығыстан келген мигранттар тобы Беларусь-Польша шекарасында жиналып, қоршаудан өтпек болғаннан кейін шиеленіс басталды.

Польша Беларусиямен шекарадағы әскерилерінің санын арттырды Фото: reuters.com

Польшаның ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак Беларусьпен арадағы шекарада жұмыс істейтін поляк әскерилерінің санын 15 мыңға дейін арттырғанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

9 қарашада шекарашыларға 12 мың поляк сарбазы көмектесетіні белгілі болды. Ол жерде бұдан бөлек 4 мың шекарашы мен 1,5 мың полиция қызметкері жұмыс істейді. 8 қарашада Таяу Шығыстан келген мигранттар тобы Беларусь-Польша шекарасында жиналып, қоршаудан өтпек болғаннан кейін шиеленіс басталды. Польша үкіметі үш-төрт мың адам жиналды деп отыр. Варшаваның айтуынша, мигранттардың лагерін Беларусьтың қауіпсіздік күштері күзетуде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу