Польша Белоруссиямен шекарасында танктерге қарсы қорған құрып жатыр

644

Мұны елдің ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак растады. Дәл сондай танктерге қарсы темір мен бетон дуалдарды Польша әскерилері Ресейдің Калининград облысымен шекарада орналастыруда, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.    

Польша Белоруссиямен шекарасында танктерге қарсы қорған құрып жатыр Фото: interfax.ru

Өткен жылдың соңында Польша билігі Ресеймен арада құны 84 миллион долларлық электрлі барьер салу үшін келісім шартқа отырған. Ал Варшава, Белоруссия шекарасында ұзындығы 186 шақырым, биіктігі 5 метр алып қорғанның құрылысын бастаған. Оның құны шамамен 400 миллион доллар. Шекараның бойында бақылау камералары орнатылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу