Польша инвесторлары "Агроқала" жобасына 400 миллион теңге бөледі

797

Польша инвесторлары "Агроқала" жобасына 400 миллион теңге бөледі

Екібастұз қаласындағы қант қызылшасын өсіруге бағытталған "Агроқала" инвестициялық жобасын жүзеге асыру үшін Польша инвесторлары биыл 400 млн теңге бөледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетов айтты,  деп хабарлайды pavlodarnews.кz.
"Бұл жобаға поляктардың өздері қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда құжаттарға қол қойылды. Меморандум бойынша біздің тарап тиісті көмегімізді көрсетіп, кедергісіз жұмыс істеулеріне барлық жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, инвесторлар да өздеріне берілген барлық мүмкіндікті пайдалануы керек", - дейді Нұрболат Сейітмағамбетов.
Басқарма басшысының сөзінше, мұнда алдымен қант қызылшасы өсіріледі. Одан кейін қызанақ, бидай, рапс, күнбағыс сынды өсімдіктерді қолға алмақ. Жақын уақытта шетел инвесторына берілетін жер көлемі де белгіленеді. Сонымен қатар, аталған жобаның біз үшін тағы бір тиімділігі – Польша мен Павлодардың оқу орындарының базасында жас мамандарды даярлау. Яғни, өңірдегі аграрлық колледждердің бірін сенімді басқаруға беріп, жергілікті жастардың Еуропалық үлгідегі диплом алуына мүмкіндік берілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу