Польша қарулы күштері әскери дайындығын күшейтті

818

Ал, елдің украин шекарасы маңындағы зымыран құлаған аумағына АҚШ-тан арнайы сарапшылар келіп, тексеру жүргізеді. 

Польша қарулы күштері әскери дайындығын күшейтті Фото: politros.com

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий сейсенбі күні елдің әуе кеңістігі бақылауда екенін мәлімдеді. Оның айтуынша Польша аспаны бұдан кейін Одақтас мемлекеттермен бірге қатаң бақыланатын болады деп жазады inbuiness.kz CNN агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз Польша қарулы күштерінің жекелеген бөлімшелерінің әскери дайындығын күшейттік, сонымен қатар әуе кеңістігін бақылауға айрықша көңіл бөлінді",  - деді Матеуш Моравецкий.

Оның айтуынша, қолда бар мәліметтерге сәйкес ел аумағына зымыранның құлауы "жалғыз оқиға" болды.

Оқыс оқиғаға байланысты Польшаның сыртқы істер министрі  Ресей елшісін шақырды. Сейсенбі күні Ресей Қорғаныс министрлігі Польша аумағына зымыран жіберілгенін жоққа шығарып, поляк ақпарат құралдарының мәліметін "жағдайды ушықтыра түсу үшін жасалған арандату" деп айыптаған болатын. РФ Қорғаныс министрлігі поляк БАҚ-да жарияланған суреттердегі зымыран сынықтарында ресейлік қару екенін айғақтайтын белгі жоқ екенін де жария еткен еді.

Ал, Польша Президенті Анджей Дуда зымыранды кім жібергенін білмейтіндерін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол НАТО тарапынан қолдау болатынын айтты. Сондай-ақ, Польша Президенті АҚШ тарапынан зымыран құлаған жерді тексеру үшін сарапшылар келетінін, тергеп-тексеру жұмыстары бірлескен операция ретінде жалғасатынын мәлімеді.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг  Өзінің Twitter  парақшасында опат болған адамдарға қайғыра көңіл айтып, "барлық фактілердің дәлелді болғаны маңызды", деп жазды.

Сейсенбі күні Польшаның Украинамен шекаралас аумағына екі зымыран құлап, екі адам опат болған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу