Польша Республикасы Қазақстан азаматтарын Польшаның мемлекеттік жоғарғы оқу орындарына 2017-2018 жылдары бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасымен поляк тілінде оқуға грант бөлді, деп хабарлайды халықаралық бағдарламалар орталығы.
Айта кетейік, Польша Қазақстан үкіметі мен Польша үкіметі арасындағы 2015 жылдың 15 қыркүйегіндегі ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан азаматтарына грант бөліп отыр.
Оқуға ниет еткендер құжаттарын осы жылдың 21 сәуіріне дейін тапсыруы керек. Үміткерлер барлық бағытта поляк тілін үйрену курстарынан өтеді.
Үміткерлер buwiwm.edu.pl веб-сайтында орналасқан сауалнаманы поляк немесе ағылшын тілінде толтыруы керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу