Польша қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

2087

Польша қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.  

Білім гранттары Польша үкіметі мен Қазақстан үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2016 жылғы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Бакалавриат бойынша - 3 орын, магистратура - 4 орын және докторантура - 4 орын бөлінеді. Үміткерлер білім алардан бұрын поляк тілін бір жыл оқуы тиіс.

Келісім бойынша студент тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 - 150 еуро), докторантура бағдарламасының студенттеріне шәкіртақы (шамамен 300 еуро) тағайындалады.

Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімін nawa.gov.pl сайтынан білуге болады, сондай-ақ сауалнамаға қосымша құжаттар талап етіледі.

Үміткер Астанадағы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ кеңсесіне келіп талап етілетін құжаттар тізімі ұсынуы тиіс. Алайда соңғы шешімді Польша тарапы қабылдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу