Президенттің Халықаралық саясат басқармасының басшысы Марчин Пшидач RMF FM эфирінде Польша Украинаға бірнеше МиГ-29 жойғыштарын жібергенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Мендегі ақпарат бойынша, бірінші партияны жіберу процесі аяқталды", — деді ол.
Варшава наурыз айының ортасында Киевке жойғыштарды беруге дайын екенін жариялады. Поляк президенті Анджей Дуда Украина армиясы алдағы күндері төрт Миг-29 алады деп айтты. Республика Украинаға барлығы қанша ұшақ жеткізгісі келетінін және қандай мерзімде жіберетінін хабарланбады.
Польша СІМ-де Киевке ел қызметіндегі барлық МиГ-29-дарды беру туралы қауесеттердің барлығы жалған екені ескертілді.