Польша Президентінің ұшағы апатқа ұшырай жаздады

242

Польша президенті Анджей Дуданың ұшағы бірінші реттен Варшава әуежайына қона алмады. 

Польша Президентінің ұшағы апатқа ұшырай жаздады Фото: lenta.ru

Нью-Йорктен оралған борт Фредерик Шопен атындағы Варшава әуежайының ұшу-қону жолағына екінші талпынысынан кейін ғана қонды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұның себебі қону кезінде басқа ұшақтың құспен соқтығысуы болды. "ТВН-24" телеарнасының мәліметінше, ұшақ құспен соқтығысқаннан кейін жолаққа орнитологтың көлігі шыққан. Ол Президенттің ұшағы қонуы керек орынға тұрып алған.

2022 жылы АҚШ-тан оралған поляк Президентінің ұшағы әуеде ауыр апатқа ұшырады. Ал 2010 жылы Польша президенті Лех Качинский Смоленск маңында апатқа ұшырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу