Украинадан келген азаматтардың 10 млн 119 мыңы Польша шекарасынан өтіп, елден шығып кеткен.
"Соғыс басталғалы бері (2022 жылдың 24 ақпанында) Украинадан Польшаға жалпы 11 миллион 911 мың адам келді", - делінген хабарламада.
Польшаның ЕО-дағы Тұрақты өкілдігінің мәліметтері бойынша, Украинадан келгендердің 80 пайыздан астамы әйелдер мен балалар.
12 мамырдағы поляк экономикалық институтының есебіне сәйкес, қазіргі уақытта Польша аумағында 1 миллионнан астам тіркелген украиндар тұрады.
Польшадағы украиналық босқындардың 74 пайызы өз еліне оралуды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу