Польша шекарасынан өткен украин босқындарының саны 11 миллионнан асты

478

Украинадан келген босқындардың 87%-ын әйелдер мен балалар құрайды.   

Польша шекарасынан өткен украин босқындарының саны 11 миллионнан асты Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Польша шекарасынан өткен украиналық босқындардың саны 2023 жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша 11 миллион адамнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Украина-Поляк шекарасын 20 мың адам кесіп өтті, деп хабарлады Польша Шекара қызметі Twitter-де.

Жалпы алғанда, 9 миллион 259 мың украиндар Польша шекарасынан өтіп, басқа елдерге бет алды.

Польшаның ЕО жанындағы Тұрақты өкілдігінің мәліметі бойынша, әйелдер мен балалар Украинадан келген босқындардың 87 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу