Бес адам қаза тауып, біразы жараланды. Бұл туралы дүйсенбіде поляк құтқару қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Апат Варшавадан 40 шақырым жерде Хрцинно ауылында болған. Поляк баспасөз агенттігінің хабарлауынша, парашютшілерді ауаға көтеру үшін пайдаланылатын ұшақ қону кезінде адамдар жаңбырдан жасырынған ангарға құлаған.
Құтқарушылар хабарлағандай, ұшақтың ұшқышы мен тағы төрт адам қаза тапты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бес адам зардап шекті. Бұрын 10-ға жуық жараланғандар туралы хабарланған. Оқиға орнында құтқару тікұшақтары жұмыс істейді.
"Дауыл тұрғанда кім болсын қауіпсіз жер іздейді. Өкінішке орай, ангар олардың өмірін сақтап қала алмады", - деді поляк өрт сөндіру бөлімінің өкілі Моника Новаковская-Брында.
Ұшақта үш ұшқыш болған. Біреуі қаза тапса, екінші ұшқыш жарақат алды, үшіншісі зардап шеккен жоқ.