Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

868

"Почта Польска" компаниясының орталық ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығару рәсімі өтті.

Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды

Пошталық марканы шығару жобасы ұлы қазақ ақынның мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстанның Варшавадағы Елшілігінің бастамасымен "Почта Польска" АҚ жүзеге асырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Өз сөзінде Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев қазіргі ұрпақты адалдық пен әділеттілік қағидаларын басшылыққа алуға, сондай-ақ өз халқына қызмет етуге және ағартуға ұмтылуға шақырып, шабыттандыратын ұлы жазушының философиялық идеялары мен өлмес әдеби мұрасының өзектілігін атап өтті.

"Почта Польска" АҚ төрағасы Томаш Здзикота екі ел арасындағы филателия саласындағы жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастығына тоқталып, ұлы қазақ ағартушысының бейнесі салынған пошталық маркасы филателисттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, бірлескен сәтті жобалардың дәлелі болатынына сенім білдірді.

Іс-шара барысында Польша Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Департамент директоры Я.Хофмокл, Абайдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы мен ауқымын айта отырып, 2001 жылы Қазақстанға жасаған сапардың барысында Рим Папасы Иоанн Павел II-ші дәйексөз жасаған Абайдың "Қара сөздер" әйгілі әдебиет шығармашылығымен тындаушыларды танысуға шақырды.

Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында өткізілген іс-шара поляк аудиториясын Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен рухани байлығымен таныстыруға жақсы мүмкіндік ұсынды.

Іс-шараға Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің өкілдерімен қатар "Почта Польска" АҚ мен Польша Сыртқы істер министрлігінің басшылығы қатысты.

Кездесу соңында Елші поляк тарапына поляк тіліндегі Абайдың "Қара сөздер" кітабының бірнеше данасын табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу