27 қараша күні Катовице қаласында бір қызды трамвай қағып, мерт қылған. Польша полициясы қаза болған қыздың Катовице Экономика университетінде оқып жүрген 2000 жылғы Қазақстан азаматы екендігін анықтаған.
СІМ қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылып, оларға виза алуға көмек көрсетіліп жатқандығын жеткізді.
"Денесін елге жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде", – делінген СІМ хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу