Польшада бокстан әйелдер арасындағы турнирде Қазақстан 11 медаль жеңіп алды

1012

Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасындағы XVII Силезия турнирінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 7 қола жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Польшада бокстан әйелдер арасындағы турнирде Қазақстан 11 медаль жеңіп алды

Ақпаратта көрсетілгендей, Назым Қызайбай (50 кг), Алуа Балқыбекова (48 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) алтын медаль иеленді.

Валентина Хальзова (75 кг)  күміс медаль еншіледі. Ал Жазира Урақбаева (50 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Балауса Мұздиман (54 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Дариға Шәкімова (66 кг) қоланы місе тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу