Польшада "Димаш" радиосы ашылды

1004

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғысын білдірді. 

Польшада "Димаш" радиосы ашылды

Бүгін Польшада "Димаш" радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу