Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Оның салмағы шамамен 5 тоннаны құрайды. Бомбаның атауы Tallboy, оны соғыс кезінде Польшаның одақтастары пайдаланған.
Жақын күндері жергілікті мамандар бомбаны залалсыздандыруға қатысты штаб құрмақ. Сарапшылардың айтуынша, ол жарылса, бірнеше шақырымдық жердің тас-талқаны шығуы мүмкін. Сондықтан Свиноуйсьце қаласының 40 мыңға жуық тұрғынының біразы эвакуауияланады.
Польша жерінен мұндай бомба Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері бірінші рет табылып отыр. Сондықтан елдің әскери-теңіз күштері жарылғыш затты арық түбінен алып, залалсыздандыру үшін тыңғылықты дайындалуда.
Табиғат Нұрболат