Польшада Ресейдің тапсырысы бойынша диверсия жасады деген күдікпен 9 адам қамауға алынды

253

Олар IKEA мен бояу шығаратын зауыттың қоймаларын қасақана өртеген болуы мүмкін. 

Польшада Ресейдің тапсырысы бойынша диверсия жасады деген күдікпен 9 адам қамауға алынды Фото: zdg.md

Польшада тоғыз адам қамауға алынды, олар Ресейдің арнайы қызметтерінің тапсырысы бойынша диверсия жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы TVN24 телеарнасының эфирінде Польша Премьер-Министрі Дональд Туск мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Поляк премьерінің айтуынша, Вроцлавтағы бояу зауыты өртенді, Литвадағы диверсиялар мен IKEA қоймасын жанып кетуіне күдіктілердің қатысы бар. 

Туск Ресейдің арнайы қызметтерінің диверсияға қатысуы "күмән тудырмайды" дейді. Ол сондай-ақ жағдайды "өте ауыр" деп атады және мұндай диверсиялар басқа елдерде, атап айтқанда Латвия мен Швецияда жоспарланғанын мәлімдеді.

Айыпталушылар — Украина, Беларусь және Польша азаматтары. Олардың кейбіреулері, поляк премьер-министрі айтқандай, "қылмыстық әлемнен шыққан адамдар". Туск Польша бұл мәселе бойынша одақтастарымен тығыз жұмыс істейтінін және барлау агенттіктерінің тиімді жұмысына риза екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу