Польшада зымырандар жарылды

788

Екі адамның өмірін қиған оқиға Украина шекарасына жақын жерде болды. 

Польшада зымырандар жарылды Фото: delfi

Поляк радиосы мен Associated Press агенттігі сейсенбіде Украина шекарасына жақын Польша аумағында екі зымыран жарылғанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап. 

Сейсенбіге қараған түні Поляк Сыртқы істер министрлігі зымыран Польшаның Пшеводув ауылына құлағанын ресми түрде растады.

Gazeta Wyborcza Польша үкіметі қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын өткізіп жатқанын хабарлайды. Польша үкіметі отырыс өткізуге дайындалып жатыр.

Оқиға туралы деректерді Латвияның Қорғаныс министрі Артис Пабрикс растады.

Пржеводув ауылы Украинаның Львов облысымен шекарадан шамамен бес шақырым жерде орналасқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу