Польшада су тасқыны салдарынан мыңнан астам адам эвакуацияланды

231

Өзендер тасып, елді мекендер су астында қалды.

Польшада су тасқыны салдарынан мыңнан астам адам эвакуацияланды Фото: REUTERS/RADIO OPOLE

Поляк әскерилері су тасқыны аймақтарынан 1100 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Республика Қарулы Күштерінің Бас штабына сілтеме жасап.

Польшаның оңтүстігінде қатты жауын-шашын су тасқынына әкелді – өзендер тасып, елді мекендер су астында қалды, адамдарды эвакуациялау жүргізілуде.

"1 100 — бүгінде көптеген адамдар су басқан жерлерден эвакуацияланды", — делінген хабарламада.

Әскерилер адамдарды тікұшақтармен, қайықтар мен құтқару көліктерімен эвакуациялайтынын нақтылады.

Соңғы мәліметтер бойынша, су тасқыны екі адамның өмірін қиды.

Су тасқынына байланысты Польша Премьер-Министрі Дональд Туск Үкіметке апат режимін енгізу туралы өкімнің жобасын дайындауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу