Польшада түсік жасатуды жақтаушылар маршы өтті

500

Түсік жасауды жақтаушылар Польша қалаларының көшелеріне қайта шықты. Осы жолы тағы бір әйел жүктіліктің 20-шы аптасында асқынулардан қаза тапқан. 

Польшада түсік жасатуды жақтаушылар маршы өтті Фото: РИА новости

Әйелдердің түсік жасату құқығын жақтаушылар Польшаның бірнеше қалаларында бейбіт шеруге шықты, деп жазады inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап.

Варшавада шеру елдің денсаулық сақтау министрлігінің штаб-пәтеріне дейін жетті, қатысушылар "бізді өлтіруді доғарыңдар" деп ұрандап, қолдарына "әйелдерге арналған тозақ" және "бізге миссионерлер емес, дәрігерлер керек" деген жазулары бар плакаттарды алып жүрді, деп хабарлайды Reuters.

Ұйымдастырушылардың мәлімдемесіне сәйкес, елдің 50-ден астам қаласында болған шерулерге жүктіліктің асқынуына байланысты жағдайларда әйелдердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін түсіктің жасалмауынан әйелдердің қаза табуы жиілеп кеткендігі түрткі болған.

Мамыр айында Польшаның оңтүстігіндегі Новы-Тарг қаласындағы ауруханалардың біріне 33 жастағы жергілікті тұрғын келіп түскен. Әйел жүктіліктің 20-шы аптасында болды, бірақ жағдайы асқынып, суы кеткен. 3 күннен кейін науқас септикалық шоктан қайтыс болды. Оның күйеуі дәрігерлердің ешқайсысы отбасына жүктілікті жасанды түрде тоқтатуды ұсынбағанын айтты. Ал егер баланың өмірге аман-есен келуі екіталай болғанын ескерсек, операция әйелдің өмірін сақтап қалар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу