Польшада тыңшылықпен айналысу күдігімен Қытай азаматы ұсталды

920

Елдің арнайы қызметі Қытай азаматымен бірге ішкі қауіпсіздік органының бұрынғы бір қызметкерін қамауға алды. 

Польшада тыңшылықпен айналысу күдігімен Қытай азаматы ұсталды

Польшада қытайлық "Хуавей" телебайланыс компаниясы өкілдігінің топ менеджері ұсталды. Ол Қытай елінің мүддесі үшін тыңшылықпен айналысты деген күдік бар, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің арнайы қызметі Қытай азаматымен бірге ішкі қауіпсіздік органының бұрынғы бір қызметкерін қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тұтқындалған қытайлық азаматтың аты-жөні әзірге жарияланбай отыр. Бірақ Рейтер агенттігі ол Гданськ қаласындағы Қытай бас консулдығында 5 жыл қызмет етіп, 2011 жылдан бері "Хуавейдің" жергілікті бөлімшесінде жұмыс істеген Вэйцзин В есімді азамат екенін айтады. 

"Қытай азаматы ел аумағында тыңшылықпен айналысты деген күдікпен ұсталды. Ол Польшада заңды түрде тұрып қызмет етіп келген. Бірақ ол жұмысымен емес, жеке өзі жасаған қылмысымен байланысты қамауға алынды", – дейді Польша ішкі қауіпсіздік агенттігінің өкілі Станислав Зарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу