Польшада Украинаға жеткізілуі керек америкалық оқ-дәрілер тиелген пойыз тоналды

1120

Польшада Украинаға қару-жарақ тасымалдайтын америкалық әскери пойыз тоналды.

Польшада Украинаға жеткізілуі керек америкалық оқ-дәрілер тиелген пойыз тоналды Фото: Телеграф

Оқ-дәрі қораптары Венглинец қаласында, НАТО сарбаздарының қорғауындағы әскери бөлім аумағында тұрған пойыздан ұрланған. 

Оқ-дәрілерді төрт адам ұрлағаны анықталып, олар көп ұзамай ұсталды. Әскери сарапшылардың айтуынша, мәселе қылмыскерлердің тез арада ұсталғанында емес, жалпы олардың қалай оңайлықпен әскер бөлімге кіре алғанында болып отыр.

Польша Президентінің бұрынғы қауіпсіздік басшысы (Александр Квасьневскийді күзеткен) Ежи Дзевульский бұл оқиғаны поляк барлау агенттіктерінің беделін түсіретін ұятты жағдай екенін айтады.

"Бұл пойызды күзетумен НАТО емес, жалдамалы қызметтер немесе теміржол күзеті айналысқанына сенімдімін. Америкалықтар әдетте автоматтармен қаруланып, құрамды күзетпейді. Өйткені пойызға шабуыл жасалса, олар қаруларын шет елде қолдануы керек болады, ал мұндай әрекет заңсыз", - деді сарапшы.

Өз кезегінде ресейлік саясаттанушы Владимир Корнилов өзінің Telegram-арнасында қылмыскерлерді мақтап, тіпті, қолдауға шақырды. 

"Поляк партизандары жарады! Олардың мұндай акцияларын жылы қабылдап, қару-жарақпен, броньды машиналармен, "Стингерлермен" және "Джавелиндермен" қолдау керек", - деп пікір білдірді саясаттанушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу