Польшада жаңа президент сайланды: Украинаның НАТО-ға кіруі қиындауы мүмкін

352

Польшада өткен президенттік сайлауда Кароль Навроцкий жеңіске жетті.    

Польшада жаңа президент сайланды: Украинаның НАТО-ға кіруі қиындауы мүмкін Фото: brestcity.com

Навроцкий Украина мен Батыс құрылымдарына, соның ішінде Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуға қарсы, деп жазады inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Сайлаудың екінші турында Навроцкий 50,89% дауыс жинап, билеуші коалиция өкілі Рафал Тшасковскийді басып озды. Ол сайлау алдында Украина НАТО-ға кіру туралы заңға қол қоймайтынын мәлімдеген еді.

Навроцкий Украина тарихи мәселелерді, әсіресе Волынь қырғынын реттемейінше, Польша оны халықаралық альянстарға қолдамауы керек деген ұстанымда. Ол сондай-ақ Украинаға көрсетілген көмектің жеткілікті деңгейде бағаланбағанын айтып, Зеленскийдің Польшаға деген қарым-қатынасын сынға алды.

Навроцкий: "Бүгін мен Украинаны Еуроодақта да, НАТО-да да – ешбір құрылымда көрмеймін", – деп 2025 жылдың қаңтарында Polsat телеарнасының эфирінде мәлімдеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу