Польшада жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды

94

Бұл мәселе министрліктің бақылауында.

Польшада жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды Фото: facebook.com/susanna.suhoterina/

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың қаза болғаны туралы ақпаратты растады, деп хабардайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі қаза тапқан азаматтың жақындарымен, сондай-ақ Польша жағының құзыретті органдарымен байланыста. Барлық консулдық-құқықтық мәселе бойынша, соның ішінде Екатерина Шилованың денесін елге қайтару бойынша қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, – делінген СІМ ресми жауабында.

Екатерина Шилова Варшавадан Астанаға ұшып шығуы тиіс еді, алайда белгісіз себептермен ұшаққа отырмаған. Содан бері жақындары онымен байланысқа шыға алмай, дабыл қаққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу